Түркістан облысында қатты жел мектептің шатырын жұлып әкетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қатты жел мектеп шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты Жыланбұзған ауылында секундына 26 метр жылдамдықпен жел соғып, Жыланбұзған орта мектебінің 3 қабатты ғимаратының шатыры құлады. Жалпы көлемі - 1000 шаршы метрден асады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мен комиссия жұмыс істеп жатыр» делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар