+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысында қатаң карантин енгізілгелі 900 рет тәртіп бұзылған

2020 жылғы 6 тамыз 11:05
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында қатаң карантин енгізілгелі 900 рет тәртіп бұзылған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қатаң карантин енгізілгелі 900 рет тәртіп бұзылған. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Пневмониямен ауырған науқастардың өкпесі қанша уақытта қалыпқа келеді - маман пікірі Коронавирус: Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды Қазақстанда осы уақытта 3 684 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

Баспасөз қызетінің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының бас санитария дәрігері Н.Нышановтың қаулысымен ағымдағы жылда карантин режимі ұзартылғалы облыс көлемінде мобильдік топтар құрылып, жұмыс атқаруда. Мобильдік топ құрамына қала және аудан полицейлері, әкімдік қызметкерлері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік палата қызметкерлері жұмылдырылған. Жалпы облыстың қала, аудандарында құрылған мобильдік топтардың саны-73.

Сонымен қатар Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен карантин талаптарын қатаң қадағалау бойынша полиция қызметкерлеріне тапсырмалар беріліп, облыс көлемінде күндізгі және түнгі рейдтер жүргізілуде.

Мәселен, Мақтаарал ауданының өзінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен 149 адамға, ал Арыс ауданы бойынша бетпердесіз жүрген 153 тұлға анықталып, құжаттары тиісті орынға жолданған.

Жалпы қатаң карантин режимі енгізілгелі бері Түркістан облысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтық санитарлық эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарын бұзудың» 900-ге жуық жайты анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде коммерциялық ұйымдар мен заңды тұлғалар да бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT