+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды

2021 жылғы 6 мамыр 15:00
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Н.Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік пен әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауы қажет – Асқар Мамин Ақмола облысы «сары» аймақтан шықты Ақмолада шағын бизнесті заңсыз тексерген меморгандар жауапқа тартылды

Бас санитар дәрігердің айтуынша, өңірдегі банкет залдары мен мейрамханалар енді 50 пайыздан аспайтын (50 адамға дейін) сыйымдылықпен сағат 7:00-ден 2:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, бильярд, компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтары 12:00-ден 24:00-ге дейін қызмет көрсете алады. Бассейн, спорт кешендері және фитнес орталықтардың жұмыс істеуіне де рұқсат етілді. Мұндай жұмыс режиміне «Ashyq» қосымшасы жүйесіне енгізілген кәсіпкерлік нысандары ғана өтеді.

«Вирустың таралу қаупін азайту мен карантиндік шаралар кезінде кәсіпкерлердің қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін «Ashyq» жобасы сәуірдің 26-нан бастап, еліміздегі барлық өңірлерде жүзеге асырыла бастады. Жоба - кәсіпкерлік нысандардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік бермек», – деді Н.Нышанов.

Өз кезегінде облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков жобаның қалай жүзеге асып жатқанын атап өтті.

«Кез-келген азамат «Ashyq« мобильді қосымшасын «App Store» және «Play Market»-тен телефонына жүктеп алуы керек. Қосымшаға ЖСН нөмірі арқылы қосылып, өзі барған мекемедегі арнайы QR-кодты сканерлейді. Нәтижесінде оның жасыл, көк, сары немесе қызыл түстер арқылы клиенттің мәртебесі көрсетіледі. Қызыл түс – қоғамдық орында болуын шектеп, оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды, сары – пациент үйде оқшаулану режимін сақтай отырып, үйінен 500 метр жерден аспайтын азық-түлік және аппараттық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етілетінін білдіреді. Ал, көк – ПТР тест міндетті болатын жерлерден басқа орындарда шектеулер болмайды. Жасыл – ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда «Covid-19» теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетіледі», – деді Т.Нақыпбеков.

Кәсіпкерлер QR код алу үшін өтінімді www.infokazakhstan.kz сайты арқылы береді. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары, қосымша білім беру ұйымдары өтінімдерді салалық қауымдастық арқылы береді. QR-код тек бизнес субъектілеріне беріледі. Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өңірдегі екпе егу жұмыстары жөнінде баяндады. Оның сөзінше, вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.

«Облысқа ақпан айынан бастап «Спутник V» вакцинасының 141 700 дозасы жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін – 140 565 адам 1-ші компонентпен вакцина қабылдады. Ал, отандық «QazVac» вакцинациясы мыңға жуық адамға егілген. Алдағы уақытта «Спутник-V» 185 мың доза және «QazVac» отандық вакцинасынан 752 мың доза қамтамасыз ету жоспарланып отыр», – деді М.Пашимов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT