Түркістан облысында карантин мен шектеу шараларының мерзімі ұзартылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында карантин мен шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай оңалғанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 14 сәуіріндегі №8 қаулы талаптарына сәйкес, облыста бұқаралық іс-шаралар, форумдар мен конференцияларды, көрмелерді өткізуге тыйым салынған.

Ойын-сауық нысандары мен букмекерлік кеңселер мен қоғамдық қалалық жағажайлар мен аквапарктер де жұмыс істемейді. Ал білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшіп, білімді бағалау жұмыстары қашықтан өткізіледі. Медициналық ұйымдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларды оқытуға арналған оқу орындарында карантинді санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуға тиіс.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.



Соңғы жаңалықтар