Түркістан облысында халықаралық іздеу жарияланған 8 қылмыскер ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында іздестіріліп жатқан 16 қылмыскерді ұстады, олардың 8-і халықаралық іздеуде болған. Сондай-ақ бұрын хабар-ошарсыз кеткен 8 адамның мекен-жайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік ПД баспасөз ықзметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты - тергеу органдары мен соттан жасырынып жүрген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін іздестіріліп жатқан адамдарды ұстау, хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ танылмаған мәйіттердің жеке басын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

Мәселен, жедел-профилактикалық шара барысында Төлеби АПБ криминалдық полиция қызметкерлері аудан аумағында 2016 жылдан бері есірткі заттарын тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады. Қылмыскер полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтауда.

Тағы бір іздестіріліп жатқан қылмыскерді Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері ұстады. Ол Өзбекстан Республикасының Ішкі істер органдары 2010 жылдан бері контрабанда үшін іздестіріп келген Қазақстан азаматы.

Сол күні Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері 2012 жылдан бастап Ресей Ішкі істер министрлігінің Забайкал округі бойынша басқармасы есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін іздестіріп жатқан Қазақстанның басқа азаматын ұстады. Күдікті қолхатта.

Атап өтер жайт Түркістан облысы ПД полицейлері криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі және алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Соңғы жаңалықтар