Түркістан облысында екі адам коронавирусты шымкенттік туысынан жұқтырған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 2 сәуірде Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған.

«Ал Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны - Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары. Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмысы жүріп жатыр» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар