Түркістан облысында COVID-19 індетіне қарсы карантин режимі ұзартылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес Түркістан облысында карантин режимі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылған.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарда бұқаралық іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орында болған кезде бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жәна антисептик пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы қажет.

65 жастан асқан адамдардың аудан, қалаларда қажеттілік туындамаған жағдайда жүруі шектеліп отыр.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда ғана объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.

«Ashyq көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыларға арнайы жеңілдіктер беріліп отыр.

Мәселен, «жасыл» аймақтағы жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады.

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №51 қаулысының қосымшасында көрсетілген елдерден Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдар 7 күнге үйде оқшауланады және медициналық бақылауда болады.

Үй карантиніне оқшаулау CОVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың және CОVID-19-ға қарсы вакцинацияның бар-жоғына қарамастан жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар