Түркістан облысында боран: 44 елді мекен жарықсыз қалып, жолдар жабылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қатты боран салдарынан Түркістан қаласы мен 8 ауданда электр желілері үзіліп, жарық сөніп қалды. Қазір 44 елді мекен тұрғындары жарықсыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарлы боран салдарынан бүгін Машат тау шатқалынан Жамбыл облысына дейінгі және Бәйдібек пен Созақ аудандары арасындағы жол қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ Шолаққорғаннан Ащысайға дейінгі жолдар жабылды. Өңірде Түркістан қаласы мен 8 аудандағы 44 елді мекенде электр желілері үзіліп, жарық сөніп қалды. Қазығұрт асуында да жол жүру біршама қиындықтар туғызуда. Қазір мұнда тасжолға тұз бен құм себіліп, арнайы техника таңертеңнен бері жолды тазартып жатыр. Бұл жұмыстарға 16 техника жұмылдырылған.

Ал облыстық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл шаралар қабылдап, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Жұртты алыс сапарға шықпауды ескертуде.

«Осы ауа райының өзгеруіне байланысты ТЖД базасында облыстық штаб құрылды. Және бір қала сегіз ауданда электр жарығы өшкен және жолдардың жабылуы орын алып жатқан аудандарда сақтық шаралары жұмыстар жүргізілуде», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.


Соңғы жаңалықтар