+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

2021 жылғы 9 сәуір 11:14
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Арнайы операция барысында бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанды абаттандыруға ақсақалдар атсалысты

Түркістан облыстық Полиция департаментіне Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданған. Ауыл тұрғыны үш ер адам оны қорқытып, шамамен 4 000 000 теңге ақша

талап еткенін айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға «бопсалау»

бабы бойынша тіркеді.

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Полиция департаменті мен ҰҚКД жедел бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлерінен бірден бірлескен топ құрылды. Барлық

қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, атқарылған жұмыстар аясында осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды. Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық

топ мүшелері болып шықты.

Бірлескен жедел іс-шаралардың нәтижесінде тұрғылықты жері бойынша 9 адам ұсталды, олар Қазығұрт, Келес және Сарығаш аудандарының тұрғындары.

Күдіктілердің 4-і ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ал үшеуі бұрындары бұзақылық, адамды ұрлау және террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту үшін сотталғандары анықталды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы осы іске байланысты тиянақты тергеу жұмыстарымен айналысуда. Бүгінде төртеуі сотпен қамауға алынды, 5-еуі қолхатта. Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер нөмірлік белгісі зақымдалған шолақ мылтық пен металл кастетті тауып, тәркіледі.

Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыстық топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT