Түркістан облысында бокстан жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігі басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданында бокстан жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігі басталды. «Қайрат» спорт кешенінде ұйымдастырылған былғары қолғап шеберлері бәсекесіне өңірден іріктелген 213 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде сынға түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға шыққан жас боксшылар сайысқа жоғары дайындықтарымен келгенін байқатты. Алғаш болып рингке көтерілген 44 келідегі боксшылар арасында Созақ ауданының спортшысы Жақсылық Елубай жеңіске жетіп, қарсыласынан басым түсті.

Облыс біріншілігіне арнайы келген бокстан Түркістан облысының жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушысы Талғат Әліпбеков бұл сайыста мықты деп танылған спортшыларды іріктеп алып, алдағы елішілік жарыстарда облыс намысын қорғайды деген сенім білдірді.

Айта кетерлігі, апта бойына жалғасатын жарыста топ жарғандар қазан айының 12-17 аралығында Орал қаласында өтетін Қазақстан аймақтық жарысына қатысады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар