+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Түркістан облысында айып тұрағында 8 автокөлік жанып кетті

2020 жылғы 22 қаңтар 17:45
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында айып тұрағында 8 автокөлік жанып кетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сайрам ауданында айып тұрағындағы 8 автокөлік жанып кетті.

Ұқсас жаңалықтар
Зейнеткерді құтқарам деп күйіп қалған жігітке Ақтөбе тұрғыны пәтер сыйлады ШҚО құтқарушылары автобусы жолда қалып қойған хоккейшілерге көмектесті Ақтөбеде жол апатынан төрт адам көз жұмды

Көліктерді Қарасу ауылдық округінде тұратын жергілікті тұрғын өртегені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қарсы қызмет пультіне шақырту сағат 05:55-те келіп түскен. 8 минуттан кейін өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, сағат 06:38-де өрт толықтай сөндірілген. Тәртіп сақшылары автотұрақта барлығы 39 көлік болғанын анықтады. Тексеру барысында көліктерді өртеген күдікті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалғаны және оның Манкент ауылында тұратыны анықталды. Сондай-ақ, оның көлігі бұған дейін айып тұрағына қойылған болып шықты.

«Автокөлігін құжатсыз әрі мас халде басқарғаны үшін тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері ұстап, әкімшілік жауапқа тартқан. Оның автокөлігі айып тұрағына қойылған болатын. Ал, күдікті болса, түнгі уақытта қоршаудан өтіп, өз автокөлігіне келіп, оны өртеген. Сөйтіп оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ер адам ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін толық мойындап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігі (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша іс қозғалған» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT