Түркістан облысында ауыл әкімдерінің сайлауы 241 учаскеде өтуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауыл әкімдерін сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр. Өңірде 60 ауылдық округінің тұрғындары өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін өңірдегі 16 аудан-қаладан жалпы саны 166 үміткер тіркеліп, саяси додаға қатысуда. Аймақта халық саны 2 млн 049 мың адам болса, оның 1 млн 160 мыңы дауыс беруге құқылы. Облыста 241 сайлау учаскесі ашылып, онда 265 мың адам дауыстарын беруде. Саяси доданың әділ өтуін арнайы бақылаушылар бақылап отыр.

Мәселен, жаңадан құрылған Сауран ауданындағы үш ауылдық округте әкімдерді сайлау өтуде. Солардың бірі Үш қайық ауылдық округіне әкім болуға екі үміткер тіркеліп, бақтарын сынауда. Төрт елдімекеннен тұратын ауылдық округте 7 мыңға тарта халық тұрса, оның 2896-сы сайлауда дауыс беруде.

Ал, Арыс қаласында 86 жастағы Үсіпбек Сапарбеков ақсақал да бір кісідей дауыс берді. Монтайтас ауылындағы №20 сайлау часкесінде таңдауын жасаған ел ағасы елді бірлікке, үміткерлерді ел алдындағы сертке адал болуға шақырды. Байырқұм ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жасан Сахов бұл сайлаудың ауыл өміріне тікелей әсер ететінін айтып, саяси додаға жоғары бағасын берді. Өз таңдауын жасап, азаматтарға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Сайрам ауданында сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Құтарыс ауылдық акругінде таңғы 8.20-ға дейін 112 адам дауыс беріп үлгерді. Ең алғашқы 5 сайлаушыға сыйлықтар берілді.



Соңғы жаңалықтар