Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысуға 150-ге жуық кәсіпкер өтінім берген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпкерлік нысандар жұмысы жандана бастады. Бүгінде «Ashyq» жобасына қатысуға 150-ге жуық кәсіпкер өтінім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амированың айтуынша, өңірде жүзеге асырылып жатқан «Ashyq» жобасы өзінің оң нәтижесін беріп отыр.

«Облыста жаңа жүйені пайдалана отырып, кәсібін жүргізгісі келетін кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бүгінге дейін 150-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтінім берген. Оның ішінде 86 өтініш мақұлданып, QR-код алған. Қалған өтінімдер бойынша тиісті құжаттарын тексеру жұмыстары жүргізілуде«, – деді З.Амирова.

Жобаға қосылу үшін берілген өтінімдердің дені қоғамдық тамақтану орындарына тиесілі. Сондай-ақ, олардың қатарында боулинг, бильярд, монша, кинотеатр және компьютерлік клубтар бар.

Мамандар «Ashyq» жобасына қатысып, QR код алу үшін infokazakhstan.kz сайты арқылы өтінім бере алатынын айтады. Егер кәсіпкер өзі сайт арқылы тапсыра алмаса немесе жобаға қатысты сауалдар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, қолдау көрсететуге дайын екендіктерін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар