Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар туралы қаулы шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Асқар Ысқақов «Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерге шектеу шараларын бекіту туралы» қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1. Түркістан облысының қала және аудан әкімдері, облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысына, мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілеріне:

1.1. Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің әлеуметтік-экономикалық нысандарының қызметіне рұқсат беру және шектеуді іске асыру жұмыстары ҚР БМСДҚ-да бекітілген жұмыс алгоритмдеріне сәйкес жүргізілсін.

2. Түркістан облысының қала және аудан әкімдері, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық, қалалық басқармаларының басшыларына, облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен полиция департаментінің басшыларына:

2.1. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың қызметіне мониторинг жүргізу қамтамасыз етілсін;

2.2. облыстағы мониторингтік топтардың және үйлестіру орталығының жұмыстары күшейтілсін;

2.3. каранитн кезінде белгіленген шектеу шараларын және және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталғанда тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, нысандардың қызметін тоқтата тұру шарасы қолданылсын.


Соңғы жаңалықтар