Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары жүргізілуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру» іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс орталығында халық көп шоғырланған сауда нүктелері мен шағын аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 110,8%-ды құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысының орталығы еліміздегі қалалардың арасында 17-орында.

Ағымдағы жылдың III тоқсанында бекітілген шекті бағалардан 15% - ға жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өсім болды. Олардың ішінде, күнбағыс майы - 773 теңге 47,0% - ға (шекті бағасы 526 тг), басты пияз - 85 теңге 49,1% – ға (шекті бағасы 57 тг), картоп-75,3%-ға 163 теңге (шекті бағасы 93 тг), сәбіз-251 теңге 122,1% - ға (шекті бағасы 113 тг).

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының III тоқсанда шекті бағадан 15%-ға өсуіне байланысты нақты шаралар бекітіліп, жәрмеңкелер өткізілмек.


Соңғы жаңалықтар