Түркістан облысында алаяқтық жасап 80 млн теңге алған әйел ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдап, алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, сырттай танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 4,5 миллион теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденіп кеткенін көрсеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Созақ АПБ-ның тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Қазіргі таңда күдікті жас әйел қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асылмұрат Тұрсынбеков пен тергеуші Досжан Жансейт бастаған тергеу тобы жан-жақты жұмыс жасап, күдіктіге жасаған қылмысты мойындату үшін нақты айғақтар тапты. Сонымен қатар оның 50-ден астам осындай жайтқа қатыстылығы анықталды. Тәжірибелі тергеушілер күдікті азаматшаның жәбірленушілердің әрқайсысынан 350 мың теңгеден бастап, 4 550 000 теңгеге дейін алаяқтық жолмен ақша алып жүргенін ашты. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 80 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда тергеу бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің бұдан басқа да жайттарға қатыстылығы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар