Түркістан облысында 900 мыңға жуық адам вакцина салдырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 891 966 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырды. Екпенің екінші компонентін 722 809 адам қабылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірдің 42401 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Өзге тұрғындар ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі мен Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдауда. Соңғы тәулікте аймақта 30 адамда COVID-19 індеті анықталып, тәуліктік өсім 0,21% құраған. Ал, зертханаларда 421 адам тексерілген. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 160 жағдай тіркеліп, олардың 7328-де ауру симптомсыз өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар