Түркістан облысында 8 провизорлық госпиталь пневмониямен ауырған науқастардан босады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының 8 ауданында ашылған провизорлық госпитальдер пневмониямен ауырған науқастардан босады. Созақ, Төлеби, Бәйдібек, Сайрам, Ордабасы, Шардара, Мақтаарал аудандары мен Мырзакент елді мекенінінің және Леңгір қаласының провизорлық госпиталдерінен пневмонияға шалдыққан барлық науқас жазылып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір аталған емдеу мекемелеріндегі провизорлық төсек-орындар бос тұр.

Оған қоса, індеттің өршуіне байланысты қосымша провизорлық госпитальдары ашылған облыстық балалар ауруханасы мен тері-венерологиялық орталығы мен перзентханаларда да қазір пневмониямен ем қабылдап жатқан науқастар жоқ.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жалпы инфекциялық және провизорлық төсек-орындардың 70 пайыздан астамы босаған.

Атап айтқанда, инфекциялық станционарларда 225 орынның 152-де науқас жоқ. Провизорлық станционарлардағы 1000 төсек-орынның 129-да ғана науқас ем қабылдауда. Қалған төсек-орындар да босап қалған.

Соған қарамастан ауруханалардағы медицина қызметкерлері дайындығын пысықтап, қосымша төсек қоры үнемі дайын тұрады.


Соңғы жаңалықтар