Түркістан облысында 60-қа тарта елді мекен әлі жарықсыз отыр

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 60-қа тарта елдімекен екі аптаға жуық уақыттан бері жарықсыз отыр. Қатты боран салдарынан қараңғылық құшағында қалған ауылдарда бес мыңнан аса электр бағаналары құлаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Роза Сариеваның айтуынша, қатты бораннан өңірдегі Ордабасы, Отырар, Бәйдібек аудандары мен Арыс, Кентау, қалаларындағы 93 елдімекеннің жарығы сөнген. Онда 36 мыңға тарта тұтынушы тұрады. Қазір соңын тек 34 ауылында ғана бағаналар қалпына келтірілген. Қалған 59 елдімекенге нақты қашан жарық берілетіні әзірге белгісіз.

«Қаптты дауылдан өңірдегі 5105 электр бағанасы құлаған болатын. «KEGOC» компаниясы тарапынан 243 бағананың 110-ы ретке келтірілген. «Оңтүстік жарық транзит» тарапынан 651 бағана қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Кентау, Түркістан қалалары мен Созақ ауданын сапалы электрмен қамтитын желісі құлаған. Қазіргі таңда бұл желі қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға «KEGOC» Акционерлік қоғамынан 192 жұмысшы жұмылдырылған. Ал, «Оңтүстік жарық транзит» тарапынан 307 адам мен 72 арнайы техника, 72 бригада тартылған. Десе де, аталған елдімекендерде қатты жаңбыр жауды. Нәтижесінде бағаналар тұрған жерлер батпақ, лай болды. Сол жерде техника кішкене қиналып жұмыс істеп жатыр. Жарық беруші мекеменің мәліметінше, осы елдімекендерде бағаналарды қалпына келтіру мен үзілген сымдарды жалғау жұмыстары 15-ші сәуірге дейін созылуы мүмкін деп отырмыз. Бірақ жауын-шашын аздау болса, одан да ерте бітіруі ықтимал»,- дейді Роза Сариева.

Айта кетейік, табиғи апаттан құлаған 5 мыңнан аса электр бағанасының төрт мыңға жуығы 20 киловольттан аса ток өтетін жоғары кернеулі желілері саналады. Боран салдарынан 440 млн теңге шамасында шығын келген.

Еске салсақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысының бес ауданындағы елді мекендер жарықсыз қалған болатын.



Соңғы жаңалықтар