Түркістан облысында 50 мың теңге пара алған кеденшіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сарыағаш аудандық сотында жеке кәсіпкерден пара алған кеденшіге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінің жетекші маманы М. Жылқыбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

«Жылқыбаев жеке кәсіпкер Ж. Шынтаевадан кедендік кіріс ордерін тіркеусіз халық тұтынатын тауарларды кедергісіз өткізгені үшін 50 мың теңге пара алды деген күдіккке ілінген. Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Жылқыбаев 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар