Түркістан облысында 50-ге жуық қызметкер ревакцинациялаудан өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қайта екпе егу науқаны басталды. Вакцинаны бұған дейін салдырған 47 дәрігер отандық «QazVac» екпесін қайта қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ желеңділер үшін COVID-19 инфекциясынан қорғану маңызды болып саналды. Ревакцинация бір ғана дозамен жүргізіледі. Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез келген басқа түрін қабылдауларына болады. Сала мамандары сондай-ақ, ревакцинация 60 жастан асқан адамдарға да жүргізілетінін айтады.

Айта кетейік, аймақта вакцина қабылдауға жататын азаматтардың 97 пайызы алғашқы компонентін, 92 пайызы екінші компонентін қабылдаған.



Соңғы жаңалықтар