Түркістан облысында 4 мыңнан астам жас әскерге аттанды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында әскерге шақыру науқаны қорытындыланып, еліміздің қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдарға 4 мыңнан астам жас жіберілді. Бұл туралы өңірдің қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрмаханбет Дүйсебаевтың айтуынша, әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік беретін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар уақтылы жүргізілген. Сонымен қатар, жоғары білімді әскерге шақырылушылар мен облыста жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында оқу мен шыңдаудан өткендердің саны артқан. Атап айтқанда, тек 2020 жылдың күзгі науқанында жоғары білімі бар 180-ге жуық азамат әскер қатарына алынған.

«Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылы шақыруды сапалы ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар берілді. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін үздік басқармалар мен бөлімдер, жекелеген әскери қызметшілер мен қызметшілер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды»,- деді департамент бастығы.


Соңғы жаңалықтар