+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Түркістан облысында 36 азамат «қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барған

2021 жылғы 3 тамыз 21:50
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 36 азамат «қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында барлығы 2122 азамат үй карантиніне жатқызылған. 23 мамыр мен 28 шілде аралығында 258 азаматтың «қызыл», «сары» мәртебесі бола тұра оқшаулау режимін бұзғандығы Ashyq жобасы арқылы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустен емделіп жатқан 895 адамның жағдайы ауыр -ДСМ 2202 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты Қазақстанда өткен тәулікте 1878 адамнан коронавирус анықталды

Оның ішінде 36 азаматтың - «қызыл», 110 азаматтың «сары» статусы болған. Індеттің таралу қаупін тудырғандардың дені қоғамдық тамақтану орындарына, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қонақ үй, сауда үйлеріне кірмек болған. Алайда Ashyq жобасы арқылы әрекеттеріне тосқауыл қойылды. ​​​​​Белгілі болғандай, науқастардың кейбірі тіпті, бірнеше нысанға барған.

Карантин режимін бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 19-на 30 АЕК айыппұл салынды. ​​​​Ал коронавируспен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған «сары» мәртебесі бар тұлғалардың барлығына қаулылар шығарылды.

Айта кетейік, өңірде Ashyq жобасы сәуір айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі таңда 3116 нысан жүйені пайдаланады. Кәсіпкерлік палатасына Ashyq жобасын енгізу үшін тағы 3374 өтініш берілген.​​​​​​ Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес талаптарды орындамаған, яғни келушілердің QR-кодты (check-in) сканерлемеуін қадағаламаған, 177 нысан жобадан шығарылды.​​​


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT