Түркістан облысында 3,5 тонна бензин құйылған цистерна жарыла жаздады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 3,5 тонна бензин құйылған цистерна жарыла жаздады. Тілсіз жау күдізгі сағат 14.04-те орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, цистернада 3,5 тонна бензин құйылған бензин болған.

«Бүгін сағат 12.45-те Түркістан облысы ТЖД жедел кезекші бөліміне Сайрам ауданы Ақсукент ауылында «Ақсукент-Қарабұлақ» жолы бойындағы бір вагонның жанғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына тез арада Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары № 3 жоғарғы рангпен жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген бойда «ҚазТрансойл» мұнай базасында цистерналарды толтыру кезінде цистерналардың біріндегі бензин жанған. Цистернадағы бензиннің алдын ала көлемі 3,5 тонна (құрамында саны 20 цистерна)» делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге көмекке Түркістан облысы және Шымкент қаласы ТЖД 47 қызметкері мен 10 бірлік техникасы, өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Жедел жәрдем ақпараты бойынша мұнай базасының 2000 жылы туған бір қызметкерін күйік шалып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.



Соңғы жаңалықтар