+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Түркістан облысында 20-ға жуық маман Президенттің кадр резервіне алынған

2020 жылғы 30 қаңтар 17:44
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 20-ға жуық маман Президенттің кадр резервіне алынған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер саны 124-ке азайып, аймақта 610 мемлекеттік органда 7061 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы атқарған жұмысын қорытындылаған департамент басшысы 1522 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылғанын атап өтті.

«Өткен жылы қызметінен босатылған мамандардың 865-і ішкі конкурстар арқылы басқа лауазымға тағайындалуына байланысты, теріс себептермен 50 қызметші, басқа себептермен 284 маман және таза ауысымдылық бойынша 323 қызметші жұмыстан босатылған», – деді Болат Исақов.

Сондай-ақ, баспасөз жиынында бос мемлекеттік лауазымға жарияланған ішкі конкурсқа төменгі лауазымнан жоғары қызметке 525 маман тағайындалып, меритократия деңгейі 66,2% құрағандығы мәлім болды. Өткен жылы өңірде бірнеше кезеңді қамтыған іріктеу нәтижесінде түркістандық 19 жас дарын Президенттік жастар кадр резервінің құрамына алынған. Оның 11-і мемлекеттік органнан, 4-і жеке сектордан, 3 – квазисектордан және 1 өкіл құқық қорғау органынан. Алдағы бес жыл ішінде осы тұлғаларға конкурстан тыс уәкілетті комиссияның қорытындысымен басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріледі.

Баспасөз жиынында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры Жанат Момынқұлов облыс әкімдігі және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қолдауымен 1171 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарынан өткенін хабарлады. Оның 678-і жергілікті, ал 446-ы орталық органдар қызметшілер. Олардың қатарында аудан қала әкімдері, әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен орынбасарлары, ауыл әкімдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен полиция департаменті басшылары мен қызметкерлері бар.

Айта кетейік, филиалда Академияға оқуға түскісі келетін 36 үміткерден 17 (2 PhD) мемлекеттік қызметші тестпен іріктеліп, ағылшын тілінен курстан (APTIS) өтуде. 1 қаңтардан тіркеу басталды. APTIS емтиханы үшін 3 ретке дейін мүмкіндік беріледі. Барлық ақпаратты www.apa.kz сайтынан және филиалдан білуге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT