Түркістан облысында 2 жүкті әйел құтқарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының құтқарушылары жүкті әйелдерге дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қаңтар күні таңғы сағат 05:30-да үш құтқарушы бір техникамен дәрігерлі Бәйдібек ауданының Ақтас кентіне жеткізген. 12:04-де дәрігер науқасты қарап, жергілікті тұрғынға «қант диабеті» деген диагнозын қойған. Сонымен қатар, құтқарушылар Ақтас кентінде 1984 және 1993 жылы туған екі жүкті әйел мен тағы бір тұрғынды аудандық орталық ауруханаға жеткізген»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірде ауа райы бұзылып, бірқатар маңызы бар респубикалық және облыстық жолдар жабылды. ТЖД ескерту жасады.


Соңғы жаңалықтар