+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы — «Алтын белгіге» үміткер

2021 жылғы 18 мамыр 21:23
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы — «Алтын белгіге» үміткер

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биылғы оқу жылында жалпы 27 846 оқушы мектеп бітіреді. Оның 2 084-і «Алтын белгіге», 1 329-ы үздік аттестатқа үміткер. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіптік-техникалық колледждерге қандай квота бойынша оқуға түсуге болады Биыл кәсіптік-техникалық колледждерге емтихансыз түсуге болады Астаналық талапкерлерге «кәсіби диагностика» қызметі ұсынылады

Оның айтуынша, карантиндік режимге байланысты биыл қорытынды аттестаттау жұмыстары санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

«Өңірімізде 9-10 сынып оқушылары 28 мамыр, 2 және 5 маусым күндері білім сынағын жазбаша түрде тапсырады. Ал, 11-12 сынып оқушылары 1, 4, 7, 10 маусым күндері сынақтан өтеді. Ал, «Алтын белгіге» үміткерлердің емтихан жұмыстарын басқарма тарапынан құрылған комиссия қарайтын болады. Бұл жұмыстарға 312 білікті мұғалім қатысады деп жоспарланып отыр», – деді Ардақ Мәдіханқызы.

Сондай-ақ, брифингте облыс көлемінде 2021 жылдың 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектептер жұмыс істейтіні мәлім болды. Онда оқу материалын меңгеруде қиындықтары бар, оқу үлгерімі төмен оқушыларға қосымша сабақтар өткізілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT