Түркістан облысында 16 жасар қыз іздестіріліп жатыр

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданында 16 жасар қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Мейірхан мәлімет таратты.

16 жасар Арайлым Рысқұлбек үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Түлкібас аудандық полиция бөлімі жасөпірім туралы қандай да бір мәлімет білетін жандардың 102 немесе +7 701 013 0102 нөміріне хабарласуын өтінеді» деп жазды Данияр Мейірхан Facebook парақшасында.

Соңғы жаңалықтар