Түркістан облысында 1,8 мыңға жуық нәзік жанды мемлекеттік қызметте істейді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 1 800-ге жуық нәзік жанды мемлекеттік қызметке тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ермаханбетов пен департамент басқармасының басшысы Н.Шынтаев өңірдегі мемлекеттік қызмет пен қызметшілердің жай-күйіне тоқталды. Сала басшылары департамент тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруда жұмыстар атқарылып келеді. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

«Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған 88 тәртіптік істің 34%-ы себепті қысқартылған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте 88 тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде 57 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды» - деді департамент басшысының орынбасары Е.Ермаханбетов.

Бүгінгі күні өңірде барлығы 610 мемлекеттік орган, яғни 449 жергілікті атқарушы және 161 орталық органдардың аумақтық департаменттері жұмыс істейді. Облыстағы мемлекеттік лауазымдар саны – 7 061, нақты саны – 6 604, бос лауазымдар – 457 бірлік немесе өңірдегі жалпы штаттың 6,4%-ы бос лауазым. Одан бөлек, өңірде қызметшілердің әрбір үшіншісі 30-39 жас аралығындағы белсенді жастар. Яғни облыстағы қызметшілердің орташа жасы 39,7 жас.

«Өңірдегі 4 849 мемлекеттік қызметші — ерлер, 1 755 қызметші — әйелдер қауымы. Облыстағы жоғары білімі бар қызметшілер саны – 6 179 немесе 93,5%. «Болашақ» бағдарламасының түлектері – 10. ҚР Мемлекеттік басқару академиясының түлектері – 24. Ал, 425 - орта және арнаулы орта білімі бар қызметшілер», - деді Н.Шынтаев.


Соңғы жаңалықтар