Түркістан облысында 1-5 сыныптар аралас форматта оқи бастады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Яғни, пәндердің 70% штаттық режимде, 30% қашықтан оқытылады.

«Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) да аптаның 6 күнінде аралас форматта оқытылады. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі. Колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері екінші семестрден бастап штаттық оқуға көшетін болады», - деді облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев.

Сондай-ақ, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы жұмысын бастайды.

Сонымен қатар, арнайы мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттар жұмысын бастайды. Білім беру мекемелері маскалық режим және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы міндетті.

Ағымдағы оқу жылының III тоқсанында білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында 1-11 сыныптарда оқу процесі 313 277 (63%) оқушыға қашықтан жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, 5-тен 300 адамға дейін контингенті бар шалғайдағы 224 жалпы орта білім беретін мектепте 29 827 оқушы штаттық режимде оқуда. Бастауыш 1-4 және 5-сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде 8 198 кезекші топта 108 083 (44%) оқушы білім алуда. Оқу бітіретін 9-11 сыныптардағы 48 707 оқушыға пәндердің 70% штаттық режимде, 30% қашықтан ұйымдастырылған.


Соңғы жаңалықтар