Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына Sinopharm компаниясы өндірген Vero Cell вакцинасының 105 мың доза екінші компоненті мен 22 мың доза бірінші компонент жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пунктерінен қабалдауға болады.

Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 858 637 дозасы жеткізілген.

Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax және Vero Cell, қытайлық CoronaVac вакцинасын салдыра алады.

Бүгінде І құрамды 832 504 адам қабылдады, ал ІІ компонентті – 645 073 адам салдырған.

Қазір Түркістан облысында аурудың тәуліктік өсімі - 0.38 %.

Індет басталғалы коронавирустың 13 705 жағдайы анықталды.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар.

Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.


Соңғы жаңалықтар