Түркістан облысына отандық вакцинаның алғашқы легі жеткізілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жасалған «KazCOVID-in» вакцинасының алғашқы легі Түркістан облысына жеткізілді. Қазақстандық «QazVac» екпесінің 2 мың дозасы өңірдегі вакцина салатын бекеттерге таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Препараттар өңірдегі екпе салу үшін арнайы әзірленген 80 орынға жеткізілген. Алайда таңдау тұрғындардың өзінде, «QazVac» қазақстандық вакцинаны салдырады ма, әлде ресейлік «Sputnik-V» екпесінің көмегіне жүгіне ме, ол жағын өзі шешеді. Дәрігерлердің айтуынша, екі вакцина өте ұқсас. Айта кетейік, вакциналау басталғалы бері аймақта 45 мыңға жуық адам екпе қабылдады. Олардың көпшілігі дәрігерлер мен мұғалімдер. Айта кетейік, соңғы тәулікте аймақта 49 адамнан COVID-19 індеті анықталған. Тәуліктік өсім 0,94 % құрап отыр. Өңір еліміз бойынша «жасыл аумақта» тұрғанымен, көрші облыстар қызыл аймаққа енген. Жалпы пандемия белең алағалы облыста 657 442 ПТР- сынама алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3 мыңнан астам адам тексерілген.

«Бұның бір ерекшелегі сақталуында болып тұр. Алдыңғы «Sputnik-V» вакцинасын – 20 г салқындатып сақтасақ, бұл вакцинаны + 2және + 8 г аралығында сақтаймыз. Дәл сол секілді бұл да бұлшық етке салынады. Бұның да кері көрсеткіштері: жүкіт әйелдерге, емізулі баласы бар әйелдерге және 18 жасқа толмаған балаларға салуға қарсы көрсеткіші бар«,- дейді Түркістан қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Серік Әбдіқұлов.


Соңғы жаңалықтар