+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысына 1,5 млн құты дәрі-дәрмек келіп жетті

2020 жылғы 13 шілде 22:10
Бөлісіңіз:
Түркістан облысына 1,5 млн құты дәрі-дәрмек келіп жетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді 1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған

Оның арасында 1 млн 420 мың құты - «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі», 100 мың дана - «Дексаметазон инъекцияға арналған ампула» және 30 мың құты «Аспирин» бар.

Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.


«Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұл облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылады. Келген жүк 2 айға дейін облыстағы науқастарға жетеді. Алдағы апта Түркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры келеді. Жалпы, облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн теңге қаражат бөлініп отыр», - деді басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT