Түркістан облысы: Ауылдасын қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауылдасын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Ауыр дене жарақатынан қайтыс болған жолаушыны ауылдастары тауып алып, полицияға хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Обоыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Түлкібас ауданы аумағында орын алған. Аудандық полиция бөлімшесіне учаскелік инспектор Аслан Мамбетбаев хабарласып, екі ауыл арасындағы тас жолдың бойында дене жарақаттары бар белгісіз ер азаматтың мәйіті жатқанын жеткізген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шұғыл жетіп, қайтыс болған адамды сол ауылда тұратын «Mercedes Benz» маркалы автокөлік жүргізушісі қағып кеткенін анықтаған. Жаяу адам алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан болып шықты. Кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушіні Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлері үш сағатта өз үйінен ұстады. Айғақты зат ретінде көлік тәркіленіп алынып, айыптұраққа қойылды. Тексеру барысында күдікті адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша автокөлікке тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар