Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұл қызметті Мира Сүлейменова атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мира Пернебекқызы 1978 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп - гимназияның үздік түлегі. Білімі - жоғары. 1999 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Юмакс радиосында» журналист болып бастап, жаңалықтар қызметінің бас редакторы қызметін атқарған.

2002 - 2013 жылдар аралығында «31 арнаның» ОҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

«31 – Шымкент» телеарнасының жаңалықтар қызметінің бас редакторы болған. 2017 жылдан бері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген.



Соңғы жаңалықтар