Түркістан облыстық сотының судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі аптада 23 адамға қатысты 17 айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 23 адамға қатысты 17 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і әртүрлі деңгейдегі басшылар. Бас бостандығынан 7 адам айырылды, бесеуінің бас бостандығы шектелді, еселік айыппұл сомасы 80 млн теңгеден астам еселік айыппұлдарға 10 адам тартылды. Сонымен қатар, жымқыру фактілері бойынша - 4, алаяқтық үшін – 3, пара бергені үшін - 3, пара алғаны үшін – 10 және құжаттарды бұрмалағаны үшін 2 адам жазаға тартылды», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, 27 қазанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Бекімбетов 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Осы үкіммен «Азия Строй» ЖК банкроттық басқарушысы Ережепов 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бекімбетов Ережеповтен жеке кәсіпкердің қорытынды есебі мен тарату теңгерімін бекіту туралы сот ұйғарымын орындауды кейінге қалдыру туралы азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін 300 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді», - деді агенттік өкілі.


Соңғы жаңалықтар