Түркістан-Бішкек жаңа әуе рейсі ашылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласынан Бішкекке жаңа халықаралық авиарейс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, 31 мамыр күні «Fly Arystan» әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады.

Түркістан – Бішкек рейсі А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рет (1, 4 күн бойынша) орындалады. «Мәселен, бүгін, 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60% асады. Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады», - деді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар