Түркістан автобустары бұдан былай Bus Lane жолағымен жүреді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Bus Lane – қала көшелеріндегі қоғамдық көлік жүретін арнайы жолақ. Қаладағы автобустар енді осы жолдармен жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне слітеме жасап.

Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобильдер жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды.

Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған.

Ал, орталық Бекзат Саттарханов көшесінің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат болмайды. Жаңа жоба тест тәртібінде енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды.


Бірақ, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаланбақ.

Жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алуға да бағытталған. Қоғамдық көліктерге әсіресе қарбалас уақытта жылдамдықпен жүруге жол берілмейді және жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады.

Бүгінде облыс орталығындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге жуық жолдың жартысына жуығына тасжол төселді. Жолдың іргесін нығыздау, кәріз құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар