Түркі киносы күндерінде «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетілді

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан Түркі киносы күндерінде режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрермендер назарына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов Түркияның Ыстанбұл қаласында 17-19 желтоқсан аралығында өтіп жатқан Түркі киносы күндеріне қатысуда. Делегацияның құрамындағы «Қазақфильм» киностудиясының басқарушы директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Төребай Түркі әлемі кинематографистері қауымдастығының мүшесі.

Отандық киногерлер бұл кездесуде түркітілдес елдері кинематографистерімен кино өндірісі саласындағы ынтымақтастық мәселесі төңірегінде келіссөздер өткізуде.

Соңғы жаңалықтар