Түркі Кеңесі Қазақстандағы сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы қалыпқа сай өтті. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Хатшысының орынбасары, сайлау байқаушылары делегациясының басшысы Омер Кожаман Қазақстандағы сайлауды осылай бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы табысты өтті. Яғни, ұлттық заңнамаға сәйкес және халықаралық нормаларға сәйкес жүзеге асырылды. Бауырлас Қазақстан Республикасын құттықтаймыз және бұл сайлаудың нәтижесі Қазақстанның одан әрі дамуына үлес қосады деген пікірдеміз. Біздің миссиямыз осы сайлауда байқаушы қызметін атқарды және миссия құрамына Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғыз елінің өкілдері де бар. Миссия өзінің байқауын ҚР заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізді және аккредиттеу кампаниясы барысында миссия саяси партиялардың өкілдерімен кездесті және 6-8 қаңтар аралығында сайлауалды үгіт-насихат науқанынмен танысу барысында ең негізгі мәселелерді қарастырды», - деді О. Кожаман Нұр-Сұлтанда Hilton Garden Inn қонақүйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Миссия ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровпен және Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенмен кездесткен. Сыртқы істер министрімен кездесу барысында сайлауалды дайындық және пандемия жағдайындағы сайлауды өткізу мәселелері талқыланған. ҚР сайлау бойынша жұмыстар 253 аумақтық және 10063 учаскелік сайлау комиссияларында өткізілген және 300-дей үміткер мен 12 млн сайлаушы тіркелген.

«БАҚ өкілдері бүкіл сайлау үдерісін жан-жақты ашып көрсеткен болатын. Біз сайлау учаскелеріне, яғни Нұр-Сұлтан қаласында байқау жүргіздік. Барлық сайлау учаскелері ашық қолжетімді болды, барлығы ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізілді, біздің миссия қандай да бір бұзушылықтар тіркеген жоқ. Әкімшілік және құқық қорғау органдары да еш құқықбұзушылықты көрген жоқ. Сонымен бірге, заңнамаға сәйкес, сайлаудың жалпылама объективті өтуіне байқау жүргізілді. Миссия ешқандай сайлау учаскелерінің жанында және учаскелер ішінде үгіт-насихат жүргізетін материалдар көрген жоқ», - дейді халықаралық байқаушы.

Сонымен бірге, COVID-19 пандемиясы жағдайы ескеріле отырып, сайлау учаскелерінде станитарлық талаптарының барлығы сақталған.

«Миссия басқа да халықаралық байқаушылармен ынтымақтаса отырып, сайлауды қадағалады. Халықтың барлық жастағы тұрғындары сайлауға қатысты, бірқатар сайлау учаскелерінде ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған пандустар болған жоқ. Біздің ойымызша, ол сайлаушылардың қатысуына, дауыс беруіне кедергі болады.

Ал жалпы Қазақстанның ұйымдастырған сайлауы басқа елдер үшін үлкен тәжірибе болады деген сенімдемін. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы ашық транспарентті түрде және ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілді деп есептейді. Миссия өзінің сайлау туралы мәлімдемесін жуық арада жариялайды. Қазақстан халқы сайлауды табысты өткізіп, біздің елді одан әрі дамытуға сенімімізді нығайтты», - деп қорытындылады Омер Кожаман.

Фото: © Дмитрий Караман
Соңғы жаңалықтар