Түрім айта береді, өзім 45-темін: 60-ты алқымдаған ағасының төлқұжатымен ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше түнгі сағат екі шамасында «Ақтөбе-Орал» бағытындағы № 613 жолаушылар пойызын тексерген шекарашылар басқа адамның төлқұжатымен жүрген жолаушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында жолаушының түрі төлқұжаттағы фотосуретке ұқсағанымен 46-ға толмаған ер адам үшін тым егде көрінген екен. «Қырағылық өз жемісін берді, күдік дәлелденді. Әрі қарайғы тексеру 45 жастағы Русланның төлқұжатымен сапарға шыққан оның туған ағасы, 59 жастағы Үсен екендігін анықтап берді. Істі Мәртөк ауданы бойынша құқық қорғау органдары қарастыратын болады», делінген баспасөз баянында.



Соңғы жаңалықтар