Түрікменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді

None
None
АШХАБАД. Туркменистан сегодня - ҚазАқпарат - Түрікменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Туркменистан сегодня мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.

«Қабылданған тиісті қаулығаға сәйкес 2022 жылғы 12 наурызда Түрікменстан президентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтеді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше Түрікменстан көшбасшысы Гурбангулы Бердымұхамедов билікті жастарға беру туралы айтты.

Түрікменстан басшысы екі жыл бұрын пайғамбар жасына жеткеніне, бүгін өзі туралы оңай болмаған шешімді талқылағысы келетініне тоқталды.

«Мен еліміздің қазіргі даму кезеңінде мемлекетті басқаруды рухани ортада және жаңа заман талаптарына сай тәрбиеленген жас басшыларға беру керек деген ойды қолдаймын. Халық Мәслихатының Төрағасы ретінде өзімнің мол өмірлік және саяси тәжірибемді осы салаға бағыттауға ниеттімін», - деді Президент Гурбангулы Бердымұхамедов.





Соңғы жаңалықтар