Түрікменстанда ішкі істер министрі жұмыстан қуылып, шені генерал-лейтенанттан майорға төмендетілді

None
None
АШХАБАД. TDH - ҚазАқпарат - Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов біршама кемшіліктерге жол бергені үшін ішкі істер министрін лауазымынан босатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Түрікменстан бүгін» агенттігіне сілтеме жасап.

Түрікменстан президенті, елдің Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Гурбангулы Бердымухамедовтің жарлығымен полиция генерал-лейтенанты Муликов Исгендер Хандурдыевич Түрікменстан ішкі істер министрі лауазымынан босатылды әрі бүкіл мемлекеттік марапаттарынан айырылып, атағы полиция майоры арнаулы атағына дейін төмендетілді.

Агенттіктің хабарлауынша, Исгендер Муликов өзіне бағынышты құрылымдардың жұмысында айтарлықтай кемшіліктерге жол берген, оның үстіне лауазымын теріс пайдаланған.

Соңғы жаңалықтар