18:09, 16 Шілде 2020 | GMT +6
Түрікменстан президенті демалыста балық аулап, оны балалар үйіне жіберді
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов демалыс кезінде аулаған балығын балалар үйіне жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Туркменистан сегодня» басылымына сілтеме жасап.
«Бүгін еңбек демалысында жүрген президент Гурбангулы Бердімұхамедов еліміздегі көрікті көлдердің біріне барып, балық аулады», делінген хабарламада.
Гурбангулы Бердімұхамедов көлден жаңа ауланған балықтарды «Döwletliler köşgi» балалар үйіне жіберді.
Басылымның жазуынша, балалар сыйлықты қуана қабылдап, алғыс білдірген.