Түрікменстан БҰҰ-ның үш құрылымына мүше болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-«Түрікменстан бүгін» - Түрікменстан БҰҰ-ның үш бірдей құрылымына мүше болып қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Түрікменстан бүгін» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Түрікменстан 2020-2022 жылдар аралығына Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы кеңесіне, 2020-2024 жылдар аралығына БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясына және 2020-2023 жылдар аралығына БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясына мүше болды.

Бұл туралы мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке 10 мамыр күні Үкіметтің видеоконференция түрінде өткен отырысында СІМ басшысы, вице-премьер Рашид Мередов мәлім етті.

Премьер-министрдің орынбасары түрікмен көшбасшысын сыртқы саясаттағы аталмыш жетістікпен құттықтай отырып, бұл факті әлемдік қоғамдастықтың қазіргі заманғы өзекті мәселелерді шешуде, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың сындарлы стратегиясы мен жасампаз бастамаларын қолдайтындығының айқын дәлелі екенін атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымымен стратегиялық серіктестікті дамыту арқылы Түрікменстан қазіргі уақыттың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерге белсене қатысады. Түрікменстанда тіркелген БҰҰ-ның 7 мамандандырылған агентітктерінің өкілдігі осы дәстүрлі ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясы жөніндегі БҰҰ Аймақтық орталығы Ашхабатта орналасқанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Нью-Йорк, Вена және Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымдары штаб-пәтерлері жанында Түрікменстанның өкілдіктері тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар