Тұрғындардан заңсыз қару-жарақ сатып алуға 95 млн теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 сәуірде халықтан заңсыз қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, 2021 жылдың 20 сәуірінде халықтан заңсыз қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталады. Оны өткізуге республикалық бюджеттен 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібі Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Қағидаларға сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген азамат кез келген аумақтық полиция органына өтініш береді. Өтінішті тікелей полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беруге болады», - деді бөлім бастығы.

Асылбек Ыдырысовтың айтуынша, азаматтар телефон арқылы жүгінген кезде аталған заттардың орналасқан жеріне барлық қажетті іс-шараларды жүргізетін полиция қызметкері жіберіледі.

«Қаруға немесе оның компоненттеріне ұқыпсыз қарау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Өйткені ол адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Табылған қаруды бөлшектеу, сындыру және тасымалдау керек. Бұл мақсатта бізде арнайы оқытылған қызметкерлер мен техникалар бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар