Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры үлестік құрылысты дамытпақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан мен Кореяның тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорлары екіжақты ынтымақтастықты одан ары дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ басқармасының төрағасы Дулат Жарлықапов пен Korea Housing and Urban Guarantee Corporation президенті Ли Чае Квангтың қатысуымен өткен шара барысында тараптар мұнан ары да тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендіктерін білдірді. Екі елдің қорлары арасында 2018 жылы рәсімделген Өзара түсіністік туралы меморандум аясында да бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендіктерін атап өтті.

«Бүгінде құрылысшылар үшін «Бәйтерек» холдингінің баспана блогы ұсынатын өзге де бағыттарға қатыса отырып, біздің кепілімізді пайдаланудың өте қолайлы мүмкіндіктері ашылып отыр», - деді Дулат Жарлықапов.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстанның Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры Оңтүстік Кореядан кепілдендіру қорынан кепіл алу арқылы үлескерлердің ақшасын тартуды қалайтын құрылысшыларға талаптарды жеңілдету тәжірибесін алған болатын.
null

Соңғы жаңалықтар