Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «5-10-20» жобасымен кімдер пәтер ала алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті.

Жаңа пилоттық жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:

- несие мөлшерлемесі 5%;

- бастапқы жарна 10%-дан бастап;

- несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

«5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.


Соңғы жаңалықтар