+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Тұрақты тіркеуге тұрып, әлеуметтік аударым жасаған қандастар 42500 теңге көмек ала алады

2020 жылғы 4 сәуір 21:33
Бөлісіңіз:
Тұрақты тіркеуге тұрып, әлеуметтік аударым жасаған қандастар 42500 теңге көмек ала алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрғылықты мекенжайы және ықтиярхаты бар, тұрақты тіркеуге тұрып, әлеуметтік аударым жасаған қандастарымызға да (оралмандарға) Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі, деп Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы Фейсбук парақшасында хабарлады.

«Құрметті қандастар, толық ақпарат алу үшін біздің 1404 нөмірдегі Байланыс орталығына (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) хабарласуға болады немесе сұрақтарыңызды осы жерде қоя аласыздар!

«ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына байланысты Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысаналы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыз күнгі № 110 бұйрығының 1 тараудың 3 тармағының 1-5 тармақшалары және 3 тараудың 12 тармағының 1-2 тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады» деп жазды ол.

Мәліметке сай, әлеуметтік төлемге ие болатын адамдар 42 500 теңгені алуға өтініштерін екі тәсіл бойынша бере алады:

1) Жұмыс беруші атынан осы бұйрықтың № 2-қосымшасын қолданып бере алады. Оған 1-тараудың 3-тармағының 1-5-тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады;

2) Өз атынан:

а) Осы бұйрықтың № 3-қосымшасын қолданып бере алады. Оған 1-тараудың 3-тармағының 1-5-тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады;

б) Осы бұйрықтың № 2-қосымшасын қолданып бере алады. Оған 3-тараудың 12-тармағының 1-2-тармақшаларына сәйкес көрсетілген адамдар жатады.

Ол үшін азамат өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс. Кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталықтары өтінішті тексеріп, шешім қабылдайды.

Өтініш беруші өз кезегінде қабылданған шешімді SMS арқылы алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT