Тұңғыш Президент күніне орай елордада мерекелік отшашу болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күніне орай 1 желтоқсан күні елордада мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

«Отшашуды қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауында (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан-шатыр сауда орталығы маңында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысында тамашалай алады» делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің мәліметінше, аталмыш шараға бюджеттен қаражат бөлінбеген.

Отшашу жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:00-де ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар